$ 448.15  483.46  4.86

Павлодарлық қаскөй қоғамдық көлікке оқ жаудырды

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалды.

Павлодар полициясына қоңырау шалынып, «шамамен таңғы сағат 8.40 шамасында Малайсары батыр көшесінде белгісіз бір адам қала сыртына қатынайтын шағын автобусқа оқ жаудырды» деген мәлімет келіп түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Павлодар облысы Полиция департаментіндегілер мәлім етті.
Полицияның мәліметінше, №153 бағыттағы шағын автобусқа қаскөй пневматикалық қарудан «бұзақылық ниетпен» оқ атқан. Зардап шеккендер жоқ.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалды.

Оқыс оқиғаға қатысты бар адамдарды анықтау үшін шұғыл іздестірілу шаралары қолға алынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары