$ 494.87  520.65  4.91

Телефонын қуат көзінен айырмай пайдаланған азамат қайтыс болды

Полицейлер адамның үйін ешкім бұзып кірмегенін анықтады және оның денесінен зорлықпен өлтіру белгілерін таппады.

Таиландта 25 жастағы жігіт тез ұйықтау үшін жатар алдында смартфонмен ойын ойнағанды ​​қатты жақсы көрген, бірақ бұл әдет оның өмірін қиды, деп жазды Sputniknews.kz Daily Mail-ге сілтеме жасап.

Чонбури провинциясының тұрғыны Састра Моин 27 қыркүйек күні кешке, әдеттегідей, онлайн-ойындармен уақыт өткізгені анықталды. Ол бірден бірнеше құрылғымен ойнаған.  

Куәгерлердің болмауына байланысты оқиғаның дәл қалай өрбігені бір құдайға ғана аян. Дегенмен тергеушілер ер адамды ұйықтап жатқанда қуаттау құрылғысына қосулы тұрған гаджеттен тоқ ұрған деген болжам жасап отыр.

Оның денесін таңертең әпкесі тауып алған, ол бірден бүкіл үйді электр қуатынан ажыратып, полиция шақырыпты.

Полицейлер адамның үйін ешкім бұзып кірмегенін анықтады және оның денесінен зорлықпен өлтіру белгілерін таппады. Осыдан кейін жігітті тоқ соққан деген қорытындыға келген. 

Естеріңізге сала кетейік, таяуда Алматы облысындағы Бестөбе ауылында мектеп оқушысы телефонын қуаттаймын деп ажал құшқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары