$ 447.4  477.55  4.76

Жабайы қабан ауыл тұрғындарын шошытты

Қорғану мақсатында атыс қаруын және өзге де қаруды қолдану) сәйкес табельдік қаруды қолдануға мәжбүр болған.
фото: elitar.kz
фото: elitar.kz

Батыс Қазақстан облысында ауылға жабайы қабан кіріп кетті, деп хабарлайды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

Оқиға Бәйтерек ауданының орталығы Переметный кентінде орын алды. Кеше кешкі сағат 18.56-да ауыл тұрғынынан балалар ойнайтын алаңда жабайы қабанның жүргені туралы хабар түскен. Оқиға орнына екі полиция қызметкері келіп жеткен. Олар қабанды ауылдан шығарып жіберу үшін қанша амалдағанымен нәтиже болмаған, ауыл адамдарының өміріне қауіп төндірген. 

«Полиция инспекторлары «Құқық қорғау қызметі туралы» ҚР Заңының 61-бабы 1-бөлігі 6-тармағына (адам өміріне немесе денсаулығына іс жүзінде қатер төндірген жағдайларда хайуанаттардың шабуылынан қорғану мақсатында атыс қаруын және өзге де қаруды қолдану) сәйкес табельдік қаруды қолдануға мәжбүр болған. Атыс қаруы қолданылғаны жөнінде ақпарат Бәйтерек ауданы прокурорына хабарланды», - деді департаменттегілер.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары