11.10.2019, 15:45

Қызметтік иттің көмегімен шекарада екі әйел ұсталды

фото: tengrinews.kz
Заңсыз ақша алып өтпек болған.

 Шекарадан валютаны заңсыз өткізбек болғандар құрықталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 «Қорғас шекаралық бақылау жасағы «Нұр жолы» (жолаушылар) шекаралық бақылау пунктінің шекаралық наряды 2019 жылғы 10 қазанда 14.30-да қызметтік иттің көмегімен декларацияланбаған валютаны, яғни 28 600 доллар және 133 000 теңгені шекара арқылы өткізбек болған Қазақстан Республикасының екі әйел азаматын ұстады», - делінген хабарламада. 

 Ұсталған валюта белгіленген тәртіп бойынша тиісті мемлекеттік органдарға тапсырылды.