Желіде Алматыда жолды ыстық су басып, көліктердің батып қалғаны түсірілген видео тарады. Болжам бойынша, жылу жолы жарылған, деп хабарлайды Stan.kz.
Instagram желісіндегі kris_p_forever парақшасында куәгерлердің оқиға орнында түсірген видеолары тарауда. Олардың сөзінше, Бекмаханов көшесінің Райымбек даңғылынан төмен тұсында құбыр жарылған.
Видео кадрларынан жолдың біраз бөлігін су басқаны, бу шығып жатқаны байқалады. Сондай-ақ бірнеше көлік толықтай дерлік суға батып қалған. Олардың тек төбесі көрінеді.