Жанұясы бар адаммен көңіл жарастырғанын кеш білген бойжеткен өзін қоярға жер таппай жүр. Көптің ақылына жүгінген ол алдағы уақытта бұл қарым-қатынасын жалғастырған жөн бе деп сұрады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.
Өзінің жан сырын бойжеткен astana_forum парақшасында ақтарған.
«Қайырлы күн, маған сіздердің кеңестеріңіз қажет болып тұр. Ойым сан-саққа жүгіріп, не істейтінімді білмеймін. Бір азаматпен таныстым, жарты жылдан астам уақыт бойы араластық, сөйтіп жүріп бір-бірімізге ғашық болдық.
Екеуміздің болашаққа деген жоспарымыз да болды. Күн сайын кездестік, менен ештеңесін аямайтын. Онымен мен шын махаббаттың не екенін түсіндім. Тіпті, маған ханшайымдай қарады десем артық айтқаным емес», - деген қыз бір күні үстіне жай түскендей болғанын жеткізді.
Бойжеткенге сүйіктісі өзінің үйленген жігіт екенін, тіпті, бір қызы барын айтып берген.
«Ол әйелімен бірге тұрса да, бөлек жататындарын, тек қызы үшін отбасында жүргенін, әйелімен ажырасқысы келетінін айтқан. Ол өзіне ойлануға бір ай уақыт керек деп ара-қатынасымызды тоқтата тұру туралы шешім қабылдады.
Ал мен жанымды қоярға жер таппай отырмын. Жаным сыздауда... Қазір мен оған ғашық болғаным соншалық, осы өтірігін де кешіруге дайын болып отырмын.
Енді не істеуім керек? Үнемі отбасылы адамдардан аулақ жүретінмін, енді міне, өз басымнан сондай жағдай өтіп отыр», - деп мұңын шақты ару.
Желі қолданушылары кейіпкерге ғашымен айырылысуға кеңес берген.
Олар «Тез арада одан бас тартыңыз», «Ертең сізді де әйелі сияқты тастап кетеді», «Отбасын ойран етпеңіз» деген тілектерін жаудырып жатыр.