Бүгін сағат 15:30- да «101» пультіне №2 шағынауданындағы бес қабатты үйден өрт шыққаны туралы хабар келіп түскен, деп хабарлайды NewTimes.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовтің айтуынша, сағат 15:34-те алғашқы өрт сөндірушілері келген кезде аумағы шамамен 100 шаршы метрді құрайтын шатыр өртеніп жатқан.
Қазіргі уақытта тұрғындарды эвакуациялау және өрт сөндіру жұмыстары жүргізілуде.
Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 46 адам мен 9 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері үй аумағын қоршауға алды.