18.10.2019, 15:25

Екі жасөспірім қыз егде жастағы әйелді жабылып өлтірген

фото: https://xn--43-6kcaak9aj5chl4a3g.xn--p1ai/
№ 2 үйдің жанында бірнеше адам 51 жастағы әйелді соққыға жыққан.

Кісі өліміне әкеліп соқтырған ауыр дене жарақатын салу бойынша іс облыстың кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді, деп хабарлайды Zakon.kz alau.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл 8 тамызда Строительная көшесіндегі № 2 үйдің жанында бірнеше адам 51 жастағы әйелді соққыға жыққан. Зардап шегуші ауруханаға түскен. Бұл оқиғаға қатысты денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Әйел алған ауыр жарақаттан келесі күні қайтыс болғандықтан іс басқа деңгейге өтті. Күдіктілердің анықталып, ұсталғандығын Қостанай облысының полиция департаментіндегілер растады. Олар 17 және 14 жасар екі жасөспірім қыз болып шықты.

Қылмыстық іс облыстың кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сотына жіберілді.