Әлеуметтік желілердің бірінде ағайын әпкесі мен күйеуі ойнас құрып жүргенін біліп қойған келіншек көптен ақыл сұрады деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Оның жазбасы Instagram желісіндегі zhenskaya_blogika парақшасында жарияланған.
«Форумның құрметті оқырмандары, сәлеметсіздер ме?! Менің еңсем қатты түсіп тұр. Мұның бәрін шығармасам болмайды. Өңім емес, түсім сияқты. Тұрмыстамын және екі балам бар. Отбасыммен бірге кішкентай қалада тұрдық. Күйеуім мемлекеттік қызметте басшы болып істейді. Оны Астанаға ауыстырған соң, тұратын үйдің мәселесін шешу үшін бізден бұрын кетті.
Астанада менің ағайын әпкем тұрады. Ағайын деген аты болмаса, бала күннен бірге өскенбіз. Күйеуіме тамақтануға әпкемнің үйіне барып тұр деп айттым. Әпкем маған балаларыңды ал да кел деді, бірақ мен өз үйімізге барайық деп бас тарттым.
Бір күні балаларымды ата-анама тастап өзім күйеуіме жол тарттым. Таң ертең ертемен әпкемнің үйіне ескертусіз келдім. Есікті қағып едім, ұйқылы-ояу әпкем ашты. Ваннада біреу шомылып жатыр. Кім деп сұрап едім, күйеуім екенін айтты. Жарайды деп ойлағам... Қарасам бір ғана төсек тұр. Ол осында ұйықтады ма дегені сұрағыма үндемеді. Күйеуім де жауап қатпады.
Қатты ашуланған мен өз-өзімді сабырға шақырып, сөйлестім. Олар бәрін мойындады. Әпке атынан садаға кеткір «оған қарашы, денелі, мықты, сымбатты, қалай шыдауға болады» деді. Ал, күйеуім болса, «ажырасамыз ба?» деп төтесін бір-ақ қойды. «Ақталмаймын, мас болдым, өз-өзімді ұстай алмадым» деді ол.
Олардың төсектес болуды тоқтатпайтынына, тіпті, өкінбейтіндеріне көзім жеткен соң ол жерден кетіп қалдым.
Мен ол жерде өзімді кінәлі сияқты, мен көңілдес, ал олар әйелі мен күйеуі сияқты сезіндім. Екі баламен не істеймін? өзімнің ата-анама кетіп қалдым, артымнан ешкім келмеді, қоңырау шалмады. Менің жазығым не? Не үшін айыптымын? Бұл туралы ата-анама айтуға батылым да бармайды. Тек үнсіз ғана жылаймын. Көмектесіңіздерші, жүрегім қан жылауда...», - деп жазды келіншек.
Ал, оқырмандар болса жаны жараланған әйелге «Жылама, әлі өмірің алда», «Екі балаңды ойласайшы, енді сен солар үшін өмір сүр», «Ондай күйеудің барынан жоғы жақсы», «Дер кезінде білгеніңе қуан"» деп ақыл-кеңестерін берді.