31.10.2019, 10:15

«Кемпірін қызғанып кетті»: қариялардың биі елді күлкіге қарық қылды (ВИДЕО)

фото: nur.kz
Онда бәйбішесін биге шақырған ақсақалға таяқ ала жүгірген қарияны анық көруге болады.

Желіде бәйбішесін ортаға биге шақырған қарияға таяқ ала жүгірген ақсақалдың видеосы тарап кетті. Оқырмандар қарт адамдардың әзіл-шыны аралас әрекетін көріп, күлкіге қарық болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео videogram_kaz instagram парақшасында пайда болған. Онда бәйбішесін биге шақырған ақсақалға таяқ ала жүгірген қарияны анық көруге болады. «Кемпірін қызғанып кетті», - деген қысқа ғана жазба қалдырған автор.

Желі қолданушылары қариялардың қылығына тәнті болды. Олар «Бәрекелді!», «Үлкен адамдарға бәрі жарасады», «Атамыз қатырады», «Махаббат деген осы» деген сынды пікірлерін жаудырып жатыр.

Тегтер: қариялар