Жамбыл облысында 17 жастағы оқушы қыз жоғалып кетті. Таяуда ол Тараз қаласындағы өз үйінен шығып, қайтар оралмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық полиция баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жамбыл облыстық полиция департаменті із-түссіз жоғалып кеткен 11-сынып оқушысы Асылжан Доқтырбайды (2002 жылы 29 қазанда дүниеге келген) іздестіріп жатыр. 31 қазанда 12:00-де қыз үйінен шығып, қазіргі уақытқа дейін қайтып оралмаған. Бойы 150-155 сантиметр, дене пішімі орта, шашы қоңыр түсті ұзын, қой көзді. Ерекше белгілері: төменгі ернінде қалы бар», - делінген таратылған бағыттамада.
Қыз бала ақ жейде киген, ақ кроссовка, қара шалбар киген және қара сөмкесі болған.
«Қыз туралы қандайда бір мәліметті білетін адамдардан мына телефон нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз: 8 (7262) 34-36-35, 99-75-05 немесе 102», - делінген хабарламада.