$ 444.22  476.38  4.82

8 автокөлік ұрлығына қатысты күдікті ұсталды

Белгісіз адам оның үйіне кіріп, ақшасын, ұялы телефонын, құжаттары мен киімін жымқырған.
фото: turkystan.kz
фото: turkystan.kz

8 автокөлік ұрлығына қатысы бар деген күдікпен Қостанай облысының 27 жасар тұрғыны ұсталды. Бұл туралы елорда Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Елорда тұрғыны жалпы сомасы 285 мың теңге болатын жеке мүлкінің ұрланғанын хабарлады. Жәбірленушінің сөзіне қарағанда, белгісіз адам оның үйіне кіріп, ақшасын, ұялы телефонын, құжаттары мен киімін жымқырған. Жедел іздестіру шарасының барысында ұрлыққа күдікті Қостанай облысының 27 жастағы жұмыссыз тұрғыны ұсталды», - делінген хабарламада. 

Тергеу амалдары барысында аталған адам бұдан бөлек қазан айындағы автокөлік ұрлығы бойынша күдікке ілінген. Осы орайда ВАЗ, VOLKSWAGEN GOLF, ГАЗ, MAZDA маркалы көліктер ұрланғаны анықталды. Бұл автомобильдердің барлығын полиция қызметкерлері анықтаған көрінеді. «Қазіргі уақытта полиция сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр. Күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде», - деп аталып өткен Полиция департаментінің мәліметінде.
 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары