$ 444.22  476.38  4.82

Сүйіктісімен айырылысқан жігіт санаулы минутта бірден байып кетті

Ол жеке өміріндегі мәселені шешіп жатқан кезде жеңімпаз атанғанын түсіне қоймаған.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Мельбурн тұрғыны сүйіктісімен ажырасқаннан кейін санаулы минуттан соң 800 мың аустралиялық доллар ұтып алған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, РИА Новостиге сілтеме жасап. 

Кенни есімді жігітке қызы: «Арақатынасымызды тоқтатайық!» - деген кезде ол Мельбурн кубогында ат жарысын тамашалап отырған болатын. Жігіттің қызымен арадағы жеке қатынасын реттеуге бар назарын аударып кеткені соншалық, тіпті, ойын барысында өзінің жеңіске жеткенін байқамай қалған. Мәселен, ол ат жарысында мәреге бірінші жетеді деген сеніммен бәс тіккен атының межелі жерге ең алғаш келгенін сезбеген көрінеді. 

Қызы өздері отырған «Корона» казиносынан шығуға дайындала берген сәтте жігіт кенеттен аккаунтын тексеріп, жеңімпаз болғанын бір-ақ біледі. Жеңісі туралы хабардар болған соң жігіт сол жерде қала тұруға шешім қабылдаған. Кеш бойы жігіт қызға сусындар ұсынып, содан кейін жұптар айырылысып кеткен. 

Енді, жеңімпаз жігіт олжалаған ақшасын алдағы уақытта пәтер сатып алуға жұмсамақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары