11.11.2019, 10:30

Маңғыстауда көлік түйені қағып кетіп, төрт жасар бала қайтыс болды

фото: Inaktau.kz
Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасының қызметкерлері келіп, екі адамға медициналық көмек қажет еместігін анықтады.

9 қарашада Жаңаөзен-Батыр тас жолында қайғылы жол апаты болды. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер екі адамның сол жерде қайтыс болғанын анықтады. Көз жұмғандардың бірі 4 жасар бала, деп хабарлайды Inaktau.kz-ке сілтеме жасап Skifnews.kz ақпарат порталы.

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жүріп келе жатқан автокөлік кешкі сағат 19.00 шамасында жол үстіндегі түйені қағып кеткен. Сол сәтте көлік ішінде төрт адам болған. Оқиға орнына үш жедел жәрдем бригадасының қызметкерлері келіп, екі адамға медициналық көмек қажет еместігін анықтады. Олар сол жерде тіл тартпай кеткен. Ал, көліктегі тірі қалған екеуі түрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.