Теміртау қаласының Металлург даңғылында көршілер арасындағы жанжалдан оқ атылды, деген ақпарат тарауда. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Zakon.kz, Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жарияланған ақпарат Киев қаласында болған және Қазақстанға еш қатысы жоқ.
Қарағанды облыстық Полиция департаменті жалған ақпарат таратқандар жауапкершілікке тартылатынын ескертеді және тек ресми ақпараттарға сілтеме жасауларын сұрайды.