$ 494.87  520.65  4.91

Мектептегі атыстан 2 оқушы қайтыс болды

Адамдарға оқ атқан 16 жастағы оқушы полицейлер жеткенше өз-өзіне тапаншадан оқ атып, кейіннен қолға түскен.
фото: 24.kz
фото: 24.kz

АҚШ-тың Калифорния штатындағы мектептің бірінде атыс болып, 6 оқушы жараланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

2 бала алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды. Адамдарға оқ атқан 16 жастағы оқушы полицейлер жеткенше өз-өзіне тапаншадан оқ атып, кейіннен қолға түскен. Оның мұндай әрекетіне не түрткі болғаны әзірге белгісіз. Ақпарға қарағанда, осы күні оның туған күні болған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу жүріп жатыр.

"Мен жаттықтырушының бөлмесінен шығып, сыныбыма бара жатқанда бірнеше рет атылған оқтың дауысын естідім. Содан дереу кері қайттым. Барлығы тынышталғанша өзге балалармен сол жерде болдым", - дейді оқушы Шон Мурило.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#оқ #атыс #оқушы