$ 494.87  520.65  4.91

Оралда көріпкелдің тегін сеансына барған зейнеткер есінен танып қалды

Кезекте тұрған 66 жастағы ер адамды біреулер басып, таптап кеткен.
фото: nadezhda.kz
фото: nadezhda.kz

Оралда көріпкел Анатолий Кашпировскийдің тегін сеансына кіремін деп келген зейнеткерлер кезекте сығылысып, зардап шекті, деп хабарлайды Tengrinews.kz"Надежда" басылымына сілтеме жасап

Басылымның мәліметінше, кезекте тұрған екі адам зардап шеккен. Олардың бірі - 66 жастағы қария. Бір топ адамның ішінде тұрғанда, оны басқа біреулер басып, таптап кеткен. Салдарынан, ол ес-түсінен айырылып, жедел-жәрдем шақыртуға тура келген.

"14 қарашада сағат 13.57-де жедел-жәрдем станциясына хабар келді. Зардап шеккен кісі қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Тегін сеансқа кіремін деп кезекте тұрғанда оны барлығы басып кеткен. Қажетті медициналық көмек көрсетілген соң, үйіне амбулаториялық ем алуға жіберілді", - деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, басылымның мәліметінше, осыған дейін де Оралдың тағы бір тұрғыны осылай көріпкелдің тегін сеансына келіп, кезекте тұрамын деп зардап шеккен. Бірақ, ол жедел-жәрдемнің көмегінен бас тартыпты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары