13 қараша күні Жаңақала ауданында 11 сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Мой город-қа сілтеме жасап Аzattyq-ruhy.kz.
Аудандық білім беру бөлімінің хабарлауынша, жасөспірім Жаңақала ауылындағы М. Жүнісов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 11 сыныбында оқыған.
«Бала түнде өз үйінің сарайына асылып қалған. Оның денесін түнгі ауысымнан келген әкесі тауып алған. Ал анасы бұл уақытта Орал қаласында ем алып жатқан. Оқушының мұндай қадамға баруына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Бұл отбасының бес баласы бар, сол күні үйде де, мектепте де ешқандай жанжал болмаған. Бала сабағын жақсы оқитын, ҰБТ-ға дайындалып жүрген. Оны тауып алған кезде киімінен ешқандай хат табылған жоқ», - деді аудандық білім беру бөліміндегілер.