$ 494.87  520.65  4.91

Қашқын банкир ұсталмас үшін ота жасап, түрін өзгертпек болған ба?

Ол кассирмен бірге сейфке кіреді, содан кассирге көрсетпей бума-бума ақшаны тығылып сөмкесіне салады. Содан кейін ақша толы сөмкені шкафтың артына лақтырып жібереді, ол оны кейін келіп алады. Ақшаны алып қашар алдында Шалбаев анасына хат жазып қалдырған.
фото: kstnews.kz
фото: kstnews.kz

Қостанай облысы Полиция департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетов 87 миллион теңгені ұрлап, қашқан банк қызметкерін ұстау операциясы туралы егжей-тегжейлі баяндап берді, деп хабарлайды Zakon.kz, "Костанайские новости" басылымына сілтеме жасап.

Өзі жұмыс істейтін банкті тонаған қызметкер 20 қарашада Ресейдің Челябі қаласында ұсталды. Қазір қашқын осы қаланың уақытша ұстау изоляторында отыр, жақын арада барлық халықаралық ережелерге сәйкес Қазақстанға жеткізіледі.

11 қарашада Еуразиялық банктің Жітіқара филиалының басшысы Мырзабай Шалбаев кассадан 205 мың евроны ұрлады. Ол ұлттық валютаға шаққанда шамамен 87 млн теңге. Келесі күні ол жеке таксиге мініп, "Қайрақ" шекара бекеті арқылы мен Қазақстан-Ресей шекарасынан асқан. Ақшаны ұрлау фактісі анықтала салысымен, полиция оған бірден халықаралық іздеу жариялады. Көп евроның жоғалғанын Жітіқараға облыстан тексеруге келген банк өкілдері анықтаған. Оларға Шалбаевтың кейінгі күннің есебімен тым көп шетел валютасын сұрауы күмән туғызған. Айырбасқа үлкен сұраныс бар деп сендірген. Нақтысында, ол өзі үшін керек болып шықты.

Полиция департаменті басшысының айтуынша, видео жазбада банкирдің ақшаны қалай ұрлағаны анық көрсетілген. Ол кассирмен бірге сейфке кіреді, содан кассирге көрсетпей бума-бума ақшаны тығылып сөмкесіне салады. Содан кейін ақша толы сөмкені шкафтың артына лақтырып жібереді, ол оны кейін келіп алады. Ақшаны алып қашар алдында Шалбаев анасына хат жазып қалдырған. Онда ол өзінің көп қарыз болып қалғанын, өмірінде ешқашан мұндайға барамын деп ойламағанын, енді басқа түскенін көретінін жазған. Жасыратыны жоқ, жас жігіт ізін жасыру үшін бәрін жасаған. Мысалы, телефондарын лақтырып, жаңасын сатып алған.

"Біз оның өз замамына лайық, басы істейтін жас екенін ескердік. Бірақ, қылмыскерлер біздің қолымызда, шын мәнінде, қандай тетік, қандай технологиялар бар екенін білмейді. Біз ол интернетті қолданады деп болжадық. Солай да болды",- деді Бекет Аймағамбетов.

Челябіге Қостанайдан ізкесушілер тобы барған, олардың арасында Еуразиялық банктің қауіпсіздік қызметінің өкілі де болды. Онда оларға ресейлік әріптестер қосылған.

ПД басшысы Челябі ІІБ бастығына жеке хабарласып, көмектесуді сұрап, оның келісімін алғанын айтты. Ұстау операциясы сәтті аяқталып, қазақстандық тарап әріптестеріне жеке алғысын жеткізді.

Іздеу қазақстандық таксист Шалбаевты қалдырған – "Куб" дүкенінің маңынан басталған. Содан кейін қала іші тінтілген. Күдіктінің тұрған жері мен үйі белгілі болғанда да оған кіре берісте тұрған тергеушілер пәтердің нөмірін білмеген. Бірақ бұл қазіргі заманда үлкен мәселе емес. Шалбаев үйді жалға алған және интернеттен 8 несиеден астам қарызын төлеген - өзінің және туыстарының. Оның өзінде 136 мың евро қалуы керек болатын онда (шамамен 58 миллион теңге).

Тергеушілердің болжамы бойынша, оның өзіне сеніп тапсырылған ақшаны ұрлауына мойнындағы көп несиесі ғана себеп емес. Банк филиалының басшысы ойынқұмар адам болуы да мүмкін. Бірақ бұл факті тергеу кезінде анықталатын болады.

Генерал Аймағамбетов қашқын банкирдің үлкен қалада жасырынып, ұстатпай кетуіне мүмкіндік болғанын, уақыт өте келе оның келбетін өзгертіп, ота жасауға тырысуы мүмкін екенін де айтады.

"Бірақ біз тез қимылдап, оның бәрінің алдын алдық. Ресейлік әріптестер бізге бірнеше айла-шараны тез ұйымдастырған өте тәжірибелі қызметкерлерін берді", - деді ДП басшысы.

Ол Қостанай полициясының Челябідегі әріптестерімен өте жақсы қарым-қатынас орнатқанын атап өтті. Алдағы уақытта Қарабалықта тағы бір трансшекаралық кездесу өткізу жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары