28.11.2019, 09:45

«Не деген қатігездік?!»: Қорғаста тауарларын заңсыз өткізгісі келетіндер шекарашыларға қысым көрсетуде (ВИДЕО)

фото: Stan.kz
Олар акция ұйымдастырғанды ұнатады – айқайлайды, құлайды.

Мас болып қалған ер адам «Қорғаста» жанжал шығарды, деп хабарлайды Stan.kz.

Аталған оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған.  Ролик @angry_taldyk инстаграм парақшасында жарияланды. Видеодағы ер адам еденде жатыр. Полиция қызметкерлері оны көтерейін десе, ол барынша қарсылық танытады. 

«Не деген қатігездік?! «Хоргостағы» былық әлі бітпеген. Бұл жігіттің аты - Мамеджан. Ол - бала кезінен мүгедек. Кеден қызметкерлері оның тауарын алып алған кезде, ол еденге құлап, жылай бастады. Өзінің заттарын қайтарып беруді өтініп, жылай бастады. Ол бала сияқты. Мұндай жағдайда өзін қалай ұстау керектігін білмейді», - деп жазылған постта.

Аталған оқиғаға қатысты Алматы облысының Полиция департаменті түсініктеме берді. 

«Оқиға Қорғас халықаралық сауда орталығында орын алды. Видеодағы ер адам 40 жастағы Панфилов ауданының тұрғыны. Мас болған. Болған жайтқа қатысты 440-бап (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша әкімшілік хаттама жасалып, 5 АЕК (12 625 теңге) айып салынады», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі шекаралық участоктерде заңсыз тауар тасымалдайтын адамдар жұмыс істейтіндігін атап өтті. «Олар акция ұйымдастырғанды ұнатады – айқайлайды, құлайды. Шекарашыларға осылай қысым жасап, тауарларын еркін өткізгісі келеді», - деді.