02.12.2019, 14:57

Таразда супермаркеттің күлі көкке ұшты

фото: ІІМ ТЖК баспасөз қызметі
Полиция қызметкерлері нысанды қоршауға алған.

Тараз қаласында Сәтпаев көшесінің бойында орналасқан "Эврика" супермаркеті өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап. 

Комитеттің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовтің айтуынша, 2 желтоқсанда сағат 01:01-де екіқабатты "Эврика" супермаркетінен өрт шыққаны жайлы хабар келген.  

Фото: ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

"Өрт сөндірушілер келгеннен кейін екінші қабаттағы ағаш төбенің өртеніп жатқанын анықтаған. Өрт 03:31-де сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталады", - дейді Нұрсұлтан Нұрахметов.   Өртті сөндіруге барлығы 84 адам мен 19 техника жұмылдырылған. Полиция қызметкерлері нысанды қоршауға алған.