Алматы облысында 2001 жылы туған Виктория Зачепилова есімді бойжеткен үйінен шығып, із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
В. Зачепилова — Талғар ауданына қарасты Шымбұлақ ауылының тұрғыны. Ол осы мекенжайдағы үйінен 3 желтоқсан күні түнде шығып, оралмаған.
Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі Виктория жайлы қандай да мәлімет білетіндер 8 (7272) 95-61-05 немесе 8 778 900 0255, 8 778 127 9141, 102 номерлеріне хабарласуды сұрайды. Алматы қаласындағы ЖОО-ның бірінде оқитын студент қоңыр түсті пальто, қара түсті шалбар және қоңыр түсті аяқ киім киген.