$ 448.56  478.03  4.79

«Интернет ресурстары арқылы есірткі тасымалдаған 4 адам ұсталды» –  ҰҚК

"ҰҚК Ақмола облыстық департаменті Нұр-Сұлтаннан PVP ("тұз", "ұн", "мұз" және "кристалл") синтетикалық есірткісін тасымалдаған топты құрықтады", - делінген хабарламада.
фото: Ernur.kz
фото: Ernur.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі контрабандасының арнасы әшкере болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

 "ҰҚК Ақмола облыстық департаменті Нұр-Сұлтаннан PVP ("тұз", "ұн", "мұз" және "кристалл") синтетикалық есірткісін тасымалдаған топты құрықтады", - делінген хабарламада. 

 6 қарашада Ақмола облысының аймағында әлеуметтік желі және интернет-ресурстары арқылы есірткі тасымалдаған 4 тұрғын ұсталды.   Ұсталғандардың тұрғылықты мекен-жайларынан 300 грамм PVP синтетикалық есірткісі, зат қалдықтары бар контейнерлер, оларды орауға арналған полиэтилен пакеттер, есірткіні қолдануға арналған құрылғылар және электрон таразылар тәркіленген. 

 "ҰҚК Ақмола облыстық департаменті сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіміне ҚР Қылмыстық кодекстің 297-бабы, 3-бөлімі бойынша тіркелді. Ұсталған адамдар Көкшетау полиция басқармасының уақытша тергеу изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді комитет өкілдері. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары