Қарағанды тергеу изоляторындағы камерада ер адам өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Комитеттің хабарлауынша, 2 желтоқсанда Қарағанды облысы бойынша ҚАЖ департаментінің тергеу изоляторының қызметкерлері мекеме камерасынан қамауға алынғандардың бірінің мәйітін тапты.
"Жедел-тергеу іс-шаралары барысында камерадағы адамдардың арасында жанжал туып, ол төбелеске ұласқаны мәлім болды. Олардың бірі екіншін жаралап, салдарынан ер адам қайтыс болды", - деп хабарлады ҚАЖК баспасөз қызметіндегілер. Күдікті кінәсін мойындады, қазіргі таңда сот алды тергеу жүріп жатыр.