Иркутск облысының Мамск-Чуй ауданына қарасты Витимск ауылында аю үйдің терезесін сындырып кіріп, еркек адамды шошытты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы mk.ru дерегіне сүйене отырып.
Қазіргі кезде полиция қызметкерлері мен аңшылар әлгі қылмыскер аюды қару кезеп іздеп жүр.
Жабайы аң үйге терезе арқылы кірген. Сосын үйдің еденін бұлдіріп, еркекке шабуыл жасап және сол жерден қашып кетіп үлгерген. Еркек оқиға орнында жарақат алып, қайтыс болған.
Осы оқиға болғанауылда 370-ге жуық халық тұрады. Құзырлы орган өкілдері ауыл тұрғындарына абай әрі мұқият болуды ескертеді.
Жергілікті қорықшылар бұл жылы бау-бақша түсімі аз, орманда жеміс-жидек мардымсыз болды. Сондықтан аю аш болып, осындай қадамға барған болуы мүмкін екен. Ал, аю болса етпен қоректенеді.
Витимск ауданының басшысы болса, өмірінде бірінші рет мұндай оқиғаға тап болғанын айтты. Қазір далада 43 градус аяздың қаттылығына қарамастан аңшылар аңды іздеп жүр. Аш және ашулы аю қысқы ұйқыға кетпейді. Егер әлгі жыртқыш аю қолға түсссе оның көзін жоюы мүмкін.
ТААС осы жағдайға байланысты ауылда төтенше жағдай жарияланғанын хабарлады.