АҚШ Шекара қызметінің қызметкерлері мемлекет территориясына кіріп кету үшін әртүрлі жиһаздарға тығылған Қытай елінің 11 азаматын ұстады. Бұл туралы ведомствоның Twitter-дегі парақшасында хабарланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Baq.kz-ке сілтеме жасап.
Америкалық шекарашылар Калифорния штаты Сан-Диего қаласына Мексика жақтан келе жатқан фураны тоқтатқан.
Автокөліктің ішінде әртүрлі жиһазға жасырынған 11 қытайлық мигрант табылды. Мигранттар сандыққа, комодқа, тіпті кіржуғыш машинаға жасырынған көрінеді, - делінген хабарламада.
Айтпақшы, қытайлық жолаушылардың ешқайсысы да зардап шекпеген.
42 жастағы АҚШ азаматы фураның жүргізушісі болып шықты.