$ 446.49  475.38  4.79

Автокөлік жол жиегіне ұшып кетіп, соққыдан жүргізуші қаза тапты

Көлік ағашқа бірнеше рет соғылып, құзға ілінген күйі қалған.

Алматы облысы Іле ауданының Өтеген батыр ауылы маңында адам өліміне әкеп соққан жол апаты болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты Қапшағай тас жолынан ауылға қарай бет алатын Батталханов көшесі бойында сағат 11.00 шамасында болған. Кілт бұрылыста Toyota Windom жүргізушісі рөлді басқара алмай, жолдың жиегіне ұшып кеткен. Көлік ағашқа бірнеше рет соғылып, құзға ілінген күйі қалған.

Негізгі соққы жүргізуші отырған тұсқа тиген. Әбден жаншылған жүргізуші дәрігерлер келгенге дейін қаза тапты.

Көлік апатына байланысты жағдайды Алматы облысының полициясы анықтап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары