13.12.2019, 15:30

Ақтаулық жігіт жаттығу кезінде қайтыс болды

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Қайғылы жағдай 11 желтоқсан күні әскери қол күрестіруден жаттығу жасап жатқан жерінде болды, деп жазады Lada.kz-ке сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жаттығу кезінде қаза тапқан жігіт 1996 жылы туған.

"Аталған факт ҚР ҚК-нің 001 бабы (Адам өлімі) бойынша Ақтау полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеу бірыңғай реестрінде тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Барлық тиісті сараптамалар тағайындалған", - деп хабарлады Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.