Полицейлер қылмыстық топқа Ақмола облысында 11 құқық бұзушылықты жүктеп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24»-ке сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ұсталған қаскүнемдердің жасы - 20 мен 24 жас аралығында. Олар - Түркістан, Қостанай облыстарынан келгендер мен астана тұрғындары. Бұдан бұрын сотталған азаматтар Қосшы мен Талапкер ауылдарындағы жекежайларда ұрлық жасаған.
Полицейлердің айтуынша, күдіктілер тонайтын үйлерге алдын ала барып-қайтатын. Ал қылмыстық істерін баспана иелерінің үйде жоқтығына көз жеткізген соң, қараңғы уақытта жүзеге асырған. Олжаларын (ақша, зергерлік және тері бұйымдарын) елорда ломбардтарына өткізіп отырған.