17 жастағы жасөспірім Қостанай колледжіне қарасты жатақхана терезесінен құлап, мертікті. Жазатайым оқиға 18 желтоқсан күні болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, облыстық ТЖД баспасөз қызметінің дерегіне сүйеніп.
Мамандардың сөзіне сенсек, ғимараттың 3-қабатынан абайсызда жығылған 17 жастағы бозбала дереу ауруханаға жеткізілді.
«Ол жабық өкше сүйегі жарақатын алды. Жағдайы - орташа тұрақты», – дейді студентті қараған медицина мамандары.