$ 448.15  483.46  4.86

Вокзал маңында 31 жастағы адамды пышақтаған күдікті ұсталды

Күдікті уақытша оқшаулағыш камераға тоғытылған.
фото: Sputniknews.kz
фото: Sputniknews.kz

Күдікті азаматты полиция қызметкерлері видеобақылау камераларының көмегімен тез арада қолға түсірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«17 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің инспекторы видеобақылау камерасы арқылы теміржол вокзалының маңында ер адамдардың төбелесіп жатқанын көрген. Орталықтың инспекторы бірден оқиға орнына полиция жасағын жіберді. Санаулы минуттар ішінде 31 жастағы ер адамға пышақ салған күдікті ұсталды. Жарақат алған жәбірленуші ауруханаға жатқызылды», - деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.

Жауапты мамандар осы оқиғаның негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуде. Күдікті уақытша оқшаулау камерасына қамалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары