25.12.2019, 18:00

Талдықорғанда әскери қызметшінің мәйіті табылды

Фото: Ernur.kz
Қорғаныс министрлігі заңнамаға сәйкес марқұмның отбасына көмек көрсетеді.

Талдықорған қаласындағы шағын аудандардың бірінен әскери қызметшінің мәйіті табылды. Бұл фактіні ҚР Қорғаныс министрілігі Ақпарат және коммуникация департаментінің басшысы Данияр Әлжанов растады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Талдықорған қаласының Қаратал шағын ауданында 36 жастағы әскери қызметшінің өлі денесі табылды. Жергілікті полиция жедел-тергеу тобын құрып, істің жай-жапсарын анықтауды бастап кетті, - дейді Данияр Әлжанов.

Оның айтуынша, Қорғаныс министрлігі заңнамаға сәйкес марқұмның отбасына көмек көрсетеді.

«Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» бабы бойынша тіркелген. Тәжірибелі полиция қызметкерлерінен құрылған жедел-тергеу тобы бұл қылмысты ашу үшін шаралар қабылдауда», - деді Алматы облысының полициясы.

 Қазіргі кезде әскери қызметшінің өліміне қатысты тергеу  ісі Ішкі істер министрлігінің бақылауында.