31.12.2019, 20:16

Иранда автобус апатқа ұшырап, 9 адам мерт болды

Жергілікті биліктің дерегінше, оннан астам жолаушы зардап шеккен.

Бүгін, сенбіде Ираннның солтүстік батысында болған жол-көлік апатынан кем дегенде тоғыз адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ирандық Mehr агенттігіне сілтеме жасап. 

Қолда бар деректерге қарағанда, Тегераннан шыққан жолаушылар автобусы Шығыс Әзербайжан провинциясының орталығы – Тебризбен арадағы күре жолда апатқа ұшыраған. 

Жергілікті биліктің дерегінше, оннан астам жолаушы зардап шеккен.

Тегтер: жол апаты Иран