05.01.2020, 10:20

Toyota жүргізушісі екі саудагерді қағып кетті (ВИДЕО)

фото: скриншот
Салдарынан 35 және 40 жастағы екі әйел зардап шеккен.

 Ақмола облысында 25 жастағы Toyota жүргізушісі екі саудагерді қағып кетті, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің басшысы Маржан Ордабайға сілтеме жасап. 

Жол-көлік апаты Нұр-Сұлтан-Щучинск автожолының 208 шақырымында болған. Болжам бойынша, Toyota Camry жүргізушісі  қатарлас актокөлікпен соқтығысудың алдын алуға тырысып, рөлді бірден демалыс аймағына бұруға мәжбүр болған екен. Салдарынан 35 және 40 жастағы екі әйел зардап шеккен. Олар түрлі дәрежедегі жарақаттар алды. Қазір зардап шегушілер Бұланды ауданындағы ауруханаға жеткізілген.

Көлікте жүргізушіден бөлек, үш жолаушы болған. Бір жігіт пен 20, 25 жастағы екі қыз зардап шекпеген.