Жаңаөзенде бірнеше күнннен бері автотұрақта тұрған көліктің ішінде ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық жедел жәрдем бекет қызметкерлерінің мәлімдемесіне сүйенсек, 44 жастағы Мұнайлы ауданы тұрғынының денесін 4 қаңтар күні табылған. Оны "Жаңаөзен" ойын-сауық кешенінің күзетшілері Toyota Camry көлігінің ішінен тауып алыпты. Ал қарауыл қызметкерлері болса, әлгі мәйіт табылған көліктің автотұрақта бірнеше күннен бері тұрғанын айтқан.
Осы жағдайға байланысты Жаңаөзен полиция бөлімшесінің мамандары істі тіркеп, мән-жайын анықтау мақсатында арнайы жұмыстар жүргізуде.
"Сот-медициналық сараптамасы жүргізілуде. Табылған азаматтың денесінде жарақаттар байқалмады", - дейді облыстық ПД қызметкерлері.