"Boeing 737" деген атаудағы украиналық ұшақ Тегеран әуежайы маңында құлады, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, РИА Новости-ға сілтеме жасап.
Апатты жағдайдың болуына лайнердің "техникалық ақауға" байланысты Имам Хомейни атындағы халықаралық әуежайы маңына құлауы мүмкін деген болжам айтылған.
Қазіргі кезде әуежай басшысы әуе апатының болғанын растап отыр. Ол ұшақтың әуежайдан ұшып шыққан бойда апатқа ұшырағанын айтты.
Дереккөзіне сүйенсек, лайнерде 180 жолаушы болған.