09.01.2020, 09:20

Аурулар таралуда: Австралияда 10 мың жабайы түйені жаппай атып тастамақ

Фото: AP Central Australian Camel Industry Association
Сарапшылардың айтуынша, бүгінгі таңда Австралияда жабайы түйелердің популяциясы 1,2 миллионнан асады.

Австралияның анангу тайпасының ақсақалдары мен Оңтүстік Австралия штатының билігі аймақтың батысында 10 мың жабайы түйені ату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Өңірдің солтүстік-батысындағы кең байтақ жерлерге ие анангудың байырғы тайпасының басшылары рейнджерлердің өте көп тараған жабайы түйелерді жаппай ату туралы ұсынысына келісті. 

«Біздің қауым төзбейтін жағдайға тап болды, өзімізді өте нашар сезінеміз. Түйелер қоршауларды сындырып, үйлерге кіріп, су іздейді», - деді анангу, питджантьятьяра мен янкунитьятьяра (APY) тайпалары кеңесінің мүшесі Марита Бейкер The Australian басылымына берген сұхбатында. 

Сарапшылардың айтуынша, бүгінгі таңда Австралияда жабайы түйелердің популяциясы 1,2 миллионнан асады. Бұл апаттық салдарға алып келді, өйткені түйелер құрғақшылық пен ыстықтың әсерінен жайылымдарды азайтып қана қоймайды, сонымен қатар көбінесе олар аштық пен шөлден өледі, салдарынан түрлі аурулар таралуда», - деді департаментте. 

Бес күннің ішінде рейнджерлер популяцияны кем дегенде 10 мың басқа қысқартады деген болжам бар.

Тегтер: түйе Автралия