10.01.2020, 15:40

Шымкентте жөргектерді жымқырып жүрген ұры ұсталды

Фото: коллаж Skifnews.kz
Тергеп-тексеру амалдарын жүргізу барысында ұсталған азаматтың тағы үш қылмысқа қатысы бар екені анықталды.

2020 жылдың 4 және 5 қаңтарында полицияға белгісіз адам жергілікті дәріханалардан «Huggies giga» маркалы жөргектерді ұрлап кеткендігі туралы бірнеше хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол бұрын сотты болған 34 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Жедел іздестіру жұмыстарының арқасында Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби және Абай АПБ-ның қызметкерлері қаскүнемді ұстады. 

Тергеп-тексеру амалдарын жүргізу барысында ұсталған азаматтың тағы үш қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Ол ұрланған заттарды сатып, ақшаны өз қажеттілігіне жаратқан.

Аталған азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 187-бабы (ұсақ-түйек жымқыру) бойынша қылмыстық іс басталды.