11.01.2020, 09:45

Алматыда «бомба қойылғаны туралы» хабарлама тексеріліп жатыр

Фото: astana.gov.kz
Полицияның дереккөздеріне иек артсақ, осы факті бойынша қазіргі таңда барлық шұғыл әрекет ету қызметі хабарламаның тексеруге кірісіп кетті.

 Алматыдағы Esentai Mall сауда ойын-сауық орталығынан жарылғыш зат іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Полиция департаментінің хабарламасына сүйенсек, 10 қаңтар күні түскен қоңырау арқылы бір пиццерияға мина қойылғаны туралы ақпарат түскен. Әлгі пиццерияның желілері қаланың бірнеше жерінде орналасқаны белгілі болды. Олардың бірі - Esentai Mall-да орналасқан.

 Полицияның дереккөздеріне иек артсақ, осы факті бойынша қазіргі таңда барлық шұғыл әрекет ету қызметі хабарламаны тексеруге кірісіп кетті.

Алдын ала мәлімет бойынша, СОО әкімшілігі "бомба қойылғаны туралы" хабарлама алыпты.

Сауда үйіндегі барлық адам қауіпсіз жерге көшіріліп, тиісті аумақ қоршауға алынған. "Тексеріс барысында жарылғыш зат табылған жоқ", - деді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.