21.01.2020, 10:40

20 жастағы студент ауруханадан қымбат тондарды ұрлап, ломбардқа өткізген

Фото: Otyrar.kz
Қызметтік гардеробқа қойған киімдері жоғалып кеткен.

Ауруханада 500 000  теңге тұратын қымбат тонын ұрлатып алған елордалық студент полицияға арыз түсірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.   Сымбат есімді студент секілді  бағалы сырт киімін жоғалтқанын айтып, тағы да үш студент полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінген. Олардың барлығы да тондарын ұрлап кеткендігін айтып шағымданған. Қыздардың киімдері ауруханада жатқанда жоғалыпты. Яғни, қызметтік гардеробқа қойған киімдері жоғалып кеткен.

Абырой болғанда түскен арыс бойынша дереу іске кіріскен Алматы аудандық полиция бөлімінің жедел қызметкерлері "ұрлық жасады" деген күдікпен күдіктіні ұстады. Күдікті медициналық мамандық бойынша обілім алатын 20 жастағы студент. Ол 4 тонды ұрлағанын мойындап отыр. Тіпті, ұрлаған тондарды ломбардқа өткізіп жіберіпті.

Қазіргі таңда ұрлық жасау фактілеріне сәйкес тергеу жүруде. Кінәсі дәлелденсе, қылмысы үшін жауапкершілікке тартылады.

Естеріңізге сала кетейік, қылмыстың бұл түрі ауыр қылмыстар санатына енген. Жаза мүлкін тәркілеумен үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жазаланады (бұрын 3000 АЕК мөлшерінде айыппұл салу, бас бостандығын шектеу немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру болды) және татуласу мүмкіндігі алып тасталынған.