$ 481.84  531.33  5.07

«Қазақмыс» кәсіпорнының басшыларына шабуыл жасалып, бір адам қаза тапты

Жезқазған полициясы бас директорға шабуыл жасалғаны туралы ақпаратты растап отыр.

«Қазақмыс» зауытының бас директоры мен кәсіпорынды дамыту жөніндегі директорға шабуыл жасалғаны туралы ақпарат тарады. Оларды қызметтік кеңседе пышақтап тастаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, «Вся Караганда» Телеграмм-арнасына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға бүгін 17:50-де Жезқазған қаласындағы «Қазақмыс» корпорациясының ғимаратында болды. Зауыттың бас директоры Амангелді Мініғұлов пен кәсіподақ ұйымының төрағасы Тоғызбай Тәжбенов кабинетте өзара сөзге келіп қалған. Тәжікелескен Тәжбенов кабинеттен шығып, 5 минуттан кейін мылтықпен оралып, оқ атқан. Бірақ, оның атқан оғы ешкімге тимеген.

Мұнысынан түк шықпаған кәсіподақ жетекшісі пышақ алып, Мініғұловқа сілтеген. Қызылшеке боп қырылысып жатқан екеудің арасына түскен кәсіпорынды дамыту жөніндегі директор Сабыржан Тембаев та пышаққа түскен. Ол да осы кабинетте болған.

Пышақтан жарақаттанған екеу дереу ауруханаға жеткізілді. Ал Тәжбенов төбелес болған жерде өзін-өзі атып өлтірді.

Жезқазған полициясы бас директорға шабуыл жасалғаны туралы ақпаратты растап отыр.

«Қылмыс орын алды. Қазір барлық мән-жай анықталып жатыр. Тергеу тобы оқиға орнында жұмыс істеуде», - дейді ПД өкілдері.

Компанияның бас директоры жан сақтау бөліміне түскен. Ал дәрігерлер БАҚ-қа қандай да бір түсінік беруден бас тартты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары