Шымкентте автокөлік жуу орталықтарының бірінде жұмыс істейтін жасөспірім клиенттің BMW көлігін мініп кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
17 жастағы бозбала өзіне еніп тапсырып, көлік иесі тазалап, жуып қою үшін қалдырған көлікті айдап кеткен. Бұл оқиға 20 қаңтар күні болған. Көлік иесі автокөлігін алуға қайта айналып келгенде меншігіндегі мүлікті тапсырған жерінен таба алмай дал болады.
Рұқсатсыз өзгенінң көлігін мініп бала оны дұрыс басқара алмай, апатқа ұшырып отыр. Ол жол шетіне шығып кетіп, арықтан секіріп, бағананы қиратқан. Оқиға болған жерге 17 жастағы баланың ата-анасы мен полиция қызметкерлері шақыртылған.