22.01.2020, 10:00

Қарсыласына ашуланған Қуат алаңда төбелес шығара жаздады (ВИДЕО)

Фото: volodymyrets.city
Абырой болғанда, жанжал ұзаққа созылмаған.

Қазақстан құрамасы мен Ресейдің "Оренбург" командасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат болгариялық "Славия" командасымен жолдастық матчын өткізу барысында жанжал шығарды, деп хабарлайды Sports.kz.

Ойынның 78-ші минутында Қуат жерге құлап кеткен қарсыласынан допты алып қоюға тырысады. Сол сәтте оны "Славияның" өзге ойыншысы итеріп жіберген. Абырой болғанда, жанжал ұзаққа созылмаған.

 Тартысты ойын нәтижесінде, ресейлік клуб 2:3 есебімен жеңілді. Қуат екінші таймды толықтай алаңда өткізді. Бұл ойын Қуат есімді футболшының ресейлік премьер-лига клубындағы осымен екінші ойыны.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін "Қайрат" клубының құрамында ойнаған Қуат "Оренбургке" ерікті агент ретінде  былтырғы жылдың аяғында қосылған.