Ер адам кездейсоқ жағдайда таңғажайып жағдайға тап болды. Бұл оқиғаның қызығы сол, әлі өлмеген адам зираттан өзінің қабірін тауып алды. Шотландияның Формор қаласына қарасты Ангус округінің тұрғыны зираттан өз қабірін тауып алған. Қабір иесі Алан Хэттель болса, әлгі қабірді өзінің бұрынғы әйелі ескертпестен салған деп топшылап отыр. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Lenta.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.
75 жастағы Алан Хэттельді достары бірнеше айдан бері қонаққа шақырмаған. Мұның себебін, ол "Достарым мені өлді деп ойлағандықтан солай істеді" деп топшылады. Қарияның ойынша, әлгі зиратты бұдан 26 жыл бұрын ажырасқан экс-әйелі салды деп ойлайды. Себебі, бұрынғы әйелі оның өзінің қасында бірге жерленгенін қалапты. Ал Хеттель болса, өлгенде бұрынғы әйелінің жанына жерленуді мүлдем қаламайды. Кездейсоқ жағдайда қабірін көрген ол: «Мен тіпті, жерлеуді қаламаймын - кремациялауды жоспарлап отырмын», - дейді.
37 жыл дәнекерлеуші болып жұмыс істеген ол қазір зейнеткер. Бұрынғы әйелінен екі баласы бар. Балалары ересек.
Қабірін тауып алғаннан кейін ол жерді кім сатып алғаны туралы зерттеп білуге тырысқан Алан, аудан әкімшілігінің қызметіне жүгінген. Дегенмен, ойлағаны болмады. Өйткені, аудан әкімшілігі жерді кім сатып алғаны туралы ақпараттың құпия екендігін айтып, нақты ақпарат беруден бас тартқан.