$ 498.34  519.72  4.85

15 жастағы оқушы қыз желіде танысқан жігіті үшін үйінен қашып кеткен

Келіншектің сөзінше, қызы екеуінің арасында ешқандай кикілжің не түсініспеушілік болмаған.
Фото: unsplash.com
Фото: unsplash.com

Қосшы ауылының 10 қаңтардан бері  хабар-ошарсыз жоғалып кеткен жасөспірім қызы табылды. Хабарсыз кеткен мектеп жасындағы жасөспірімді Целиноград аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

10 қаңтарда Қосшы ауылының 40 жастағы тұрғыны кәмелетке толмаған қызының жоғалып кеткенін айтып, полиция бөлімінің қызметіне жүгінген. Тұрғын 15 жастағы қыздың 7 қаңтар күні сағат 16:00 шамасында үйден шығып, қайта оралмағанын айтқан. Келіншектің сөзінше, қызы екеуінің арасында ешқандай кикілжің не түсініспеушілік болмаған. Айтуынша, қызы бұған дейін де үйінен шығып кетіп, қайта келіп жүрген.

Факті бойынша шұғыл іздестіру жұмыстарына кіріскен полиция бөлімінің жеке құрамы жоғалған қыздың қазіргі мекенжайын анықтау мақсатында оперативті түрде жұмыс жасады. Нәтижесінде, қыздың таныстарымен байланысу арқылы оны Шу қаласынан тапты. Қазір қыз үйіне аман-есен оралды. 

Жасөспірім қыздың неліктен мұндай қадамға бару себебін анықтау барысында, оның желі арқылы Жамбыл облысында тұратын 20 жастағы жігітпен танысқандығы белгілі болды. Ол әлгі жігітпен кездесіп, жақынырақ танысу үшін Шуға барған. Бірақ, 15 жаста екендігін айтпапты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары