26.01.2020, 22:00

Ақтөбе аумағында тілшілер мінген микроавтобус аударылып қалды

фото: 24.kz
Журналистің жағдайы орташа ауыр. Жабық бас-ми жарақаты, кеуде тұсы зақымданған.

Ақтөбе аумағында тілшілер мінген микроавтобус аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ішкі істер министрлігі ақпараттық порталының хабарлауынша, оқиға бүгін сағат 09:30-да Самара-Шымкент тасжолының 1024 шақырымында, яғни Әйтеке би ауданының Ұлғайсын ауылының маңында болған.

«Бізде екі адам бақылауға алынды. Журналистің жағдайы орташа ауыр. Жабық бас-ми жарақаты, кеуде тұсы зақымданған. Таңертеңге дейін бақылауда болады. Ал жүргізушіге санавиация шақырылды», - деп хабарлады Хромтау аудандық ауруханасынан.

Айта кетейік, тілшілер Ырғыз және Шалқар ауданы әкімдерінің есеп беру шарасына қатысу үшін бүгін жолға шаққан болатын. Олардың арасында жергілікті және республикалық БАҚ өкілдері бар.