$ 494.87  520.65  4.91

Туыстары бір жасар қызды ұрып өлтірген

Дәрігерлердің айтуынша, қыз есін жимастан қайтыс болған.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Қырғызстанда сот-медициналық сараптамасы Ясина есімді бір жастағы қыздың ұрып өлтірілгенін анықтады. Бұл туралы Ак-Суй ауданы милициясының басшысы Ұлан Канаев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

"Біз сот-медициналық сараптамасының нәтижесін алдық. Онда бір жастағы қызды ауыр затпен ұрғаны көрсетілген. Жергілікті сарапшылар тергеудің қосымша екі сауалына жауап бере алмай отыр. Сондықтан Бішкекте тағы бір сараптама жасалады. Тергеу жүріп жатыр", - деді Канаев.

Қызды оның нағашы әжесі 10 қаңтарда түнде Ак-Суй аудандық ауруханасына суық тиді деп алып келген. Дәрігерлердің айтуынша, қыз есін жимастан қайтыс болған.

Марқұмның әжесі немересінің ауырып өлгеніне сенбей, милицияға арызданған. Өйткені, нағашы әжесінің жиен немересінің денесі көгергенін байқаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары