Оқиғалар 31.01.2020 сағат 02:30

БҚО-да браконьерлер 50 бас киікті өлтіріп, мүйізін кесіп әкеткен

«Полиция қазіргі уақытта осындай тағылыққа барған адамдарды іздестіруде. Қылмыс жасағандар табылып, жазасын алады деп сенемін», - дейді министр.
БҚО-да браконьерлер 50 бас киікті өлтіріп, мүйізін кесіп әкеткен
фото: 24.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында заңсыз атылған 50-ге жуық киіктің текесі табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Батыс Қазақстанда жануарларға қарсы қылмыстық əрекет орын алды. Бүгін «Охотзоопром» инспекторлары рейд кезінде мүйіздері кесіп алынған 50 бас киікті тапты. Полиция қазіргі уақытта осындай тағылыққа барған адамдарды іздестіруде. Қылмыс жасағандар табылып, жазасын алады деп сенемін», - деп жазды Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, Twitter-дегі парақшасына.

Оқиға орнына Жаңақала аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақыртылған. «Қосымша ақпарат кейінірек хабарланады», - делінген министрлік ақпаратында.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар