Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында заңсыз атылған 50-ге жуық киіктің текесі табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Батыс Қазақстанда жануарларға қарсы қылмыстық əрекет орын алды. Бүгін «Охотзоопром» инспекторлары рейд кезінде мүйіздері кесіп алынған 50 бас киікті тапты. Полиция қазіргі уақытта осындай тағылыққа барған адамдарды іздестіруде. Қылмыс жасағандар табылып, жазасын алады деп сенемін», - деп жазды Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, Twitter-дегі парақшасына.
Оқиға орнына Жаңақала аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақыртылған. «Қосымша ақпарат кейінірек хабарланады», - делінген министрлік ақпаратында.