Жамбыл облысындағы жол апаты жұрттың зәре-құтын қашырды. Батыс Еуропа – Батыс Қытай көлік дәлізімен жүйткіген екі көлік бір отар қойды таптап өткен. Екі адам жарақат алса, 30-ға жуық шопан ата тұқымы қырылып қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, КТК-ға сілтемеге жасап.
Жолдың үсті қанға боялған. Айнала тола мал өлекселері. Арасында шала-жансар жатқаны да бар. Куәгерлердің сөзінше, бұл жағдайдан кейін уақытша көлік қозғалысы тежелген. Ал полицейлердің мәліметінше, жол үстіндегі қойшы мен отар қойды алдымен «Фольксваген Пассат» соғып өткен. Ол аздай, жеңіл машинаның артынан жүк көлігі бар екпінімен келіп ұрған.
Оқиға орнында отызға жуық ұсақ мал мен шопанның жылқысы өлді. Бақташы аман қалды. Бірақ оның да, жеңіл көлік жүргізушісінің де түрлі дене жарақаты бар. Сондықтан екеуі де Тараз қалалық ауруханасына жатқызылған. Қазір кінәліні анықтауға мақсатында тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.